Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кіші ұлы жол апатына түсті
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кіші ұлы отырған автокөлік жол-көлік оқиғасына түсті. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апат 16 қаңтар күні шамамен сағат 19:00-де болған. Көлік колоннаның алдында келе жатқан. Жол апатынан кейін көп ұзамай Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің А

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың кіші ұлы отырған автокөлік жол-көлік оқиғасына түсті. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апат 16 қаңтар күні шамамен сағат 19:00-де болған. Көлік колоннаның алдында келе жатқан.
Жол апатынан кейін көп ұзамай Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ан-148-100-ЕМ үлгісіндегі «ұшақ-госпиталі» Грозный қаласынан ұшып шығып, 17 қаңтар күні сағат 03:10-да Мәскеудегі Внуково әуежайына қонды. Бұл туралы FlightRadar деректері хабарлайды.
Адам Қадыровтың денсаулығы туралы ақпарат әртүрлі. Кей дереккөздер оның жағдайы ауыр екенін айтса, басқа мәліметтер бойынша ол есін жиып, дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін жеткізген.
Алғашында Қадыровтың кіші ұлы Грозный қаласындағы республикалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Кейін оны Мәскеуге тасымалдау жөнінде шешім қабылданған.
Фото: интернеттен
Похожие материалы

Новости
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·