Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Шешесі Дариға болғанда қайдағы ақыл?!»: любовь — вибрация бога деген Назарбаевтың немересі сынға қалды

Алматы тауларында қазақстандық кәсіпкерлерге арналған бизнес-таңғы ас өтті. Бұл туралы қоғам белсендісі, журналист Тортуыл Шоқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Шара барысында Қазақстанның тұңғыш президентінің немерес

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Шешесі Дариға болғанда қайдағы ақыл?!»: любовь — вибрация бога деген Назарбаевтың немересі сынға қалды

Алматы тауларында қазақстандық кәсіпкерлерге арналған бизнес-таңғы ас өтті. Бұл туралы қоғам белсендісі, журналист Тортуыл Шоқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Шара барысында Қазақстанның тұңғыш президентінің немересі Нұрәлі Әлиев саясат тақырыбын қозғамайтынын атап өткен.

«Мұнда ешқандай саясат жоқ. Мұнда тек руханият туралы айтылады. Бүгін соны сіздермен бөліскім келеді», – деді ол.

Оның айтуынша, махаббат – адамға берілген сый әрі бақыттың өзі.

«Махаббат – бұл Құдайдың тербелісі», – деді Нұрәлі Әлиев.

Сондай-ақ ол махаббат адамның кімді сүйетініне байланысты емес екенін алға тартқан.

Алайда бұл пікірге журналист Тортуыл Шоқан сын көзқарасын білдірді. Ол жазбасында спикердің сөзін ирониямен қабылдағанын жасырмады.

«Шешесі Дариға Назарбаева болған соң, қайдан ақыл айтып отыр деп едім, расында солай екен. “Махаббат – Құдайдың вибрациясы” деді. Гений болып көрінгісі келгені болмаса, өзі де біз сияқты қарапайым адам ғой», – деп жазды ол.

Сондай-ақ белсенді Нұрәлі Әлиевтің өмірлік тәжірибесіне де күмән келтірді.

«Өмір қазанында қайнамаған, не бизнестің, не мемлекеттік қызметтің қиындығын көрмеген. Дайын асты дайын қасықпен, дайын төсекте жатып ішкен адам қайдан ақыл жинасын?» – деді Тортуыл Шоқан.

Желі қолданушылары бұл жазбаны қызу талқылап, пікір екіге жарылды. Бірі руханият туралы ой айтуға әркімнің құқығы бар десе, енді бірі мұндай форматтағы кездесулердің мазмұнына сын көзбен қарау керек екенін алға тартты.

Похожие материалы

«Шешесі Дариға болғанда қайдағы ақыл?!»: любовь — вибрация бога деген Назарбаевтың немересі сынға қалды · Todayinfo