Todayinfo.kz
АлматыСмотреть все материалы

«Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттары арқан жолдары арқылы біріктіріледі – Алматы әкімі

Фото: Алматы әкімдігі Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ алаңында өткен брифингте туризмді дамытудағы негізгі мәселе инфрақұрылымның шектеулілігі екенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әкімнің сөзінше, Алматы тау кластеріне келушілердің орташа тәулі

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттары арқан жолдары арқылы біріктіріледі – Алматы әкімі

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ алаңында өткен брифингте туризмді дамытудағы негізгі мәселе инфрақұрылымның шектеулілігі екенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің сөзінше, Алматы тау кластеріне келушілердің орташа тәуліктік саны оның өткізу мүмкіндігінен әлдеқайда асып түседі. 2025 жылы Іле-Алатау ұлттық паркіне 901 мың турист келген. Ал «Шымбұлақ» курорты 1,1 млн адамды қабылдаған. Демалыс және мереке күндері қонақтар саны тәулігіне 15 мың адамға дейін жетіп, бұл трассалар мен канат жолдарына шамадан тыс жүктеме түсіріп, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне әкелуде.

Осы мәселелерді шешу үшін «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттарын арқан жолдарының бірыңғай желісі арқылы біріктіруді көздейтін Алматы тау кластерін дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында шетелдік туристер санын 1 млн адамға дейін арттыру, ал қала экономикасына жыл сайынғы үлесті 300 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаға 362 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, әуежайдың өткізу қабілеті жылына 19 млн жолаушыға дейін ұлғаяды. Бұдан бөлек, қалада 3 664 нөмірлік қорды қамтитын қонақүйлер салу бойынша 25 жоба іске асырылып жатыр, – деді Дархан Сатыбалды.

Похожие материалы

«Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» курорттары арқан жолдары арқылы біріктіріледі – Алматы әкімі · Todayinfo