Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясындағы миссиясын аяқтады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы ретіндегі миссиясын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің ресми мәлімдемесінде хабарлады,,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Заңға құрметпен қараймын» – Руслан Бер

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясындағы миссиясын аяқтады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағасы ретіндегі миссиясын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің ресми мәлімдемесінде хабарлады,,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Заңға құрметпен қараймын» – Руслан Берденов

Мәлімдемеде көрсетілгендей, бұл шешім бірнеше объективті себепке байланысты қабылданған. Берденов қазіргі уақытта мемлекеттік қызметте – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып отырғандықтан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес партиялық лауазымнан кетуге мәжбүр болғанын атап өтті:
«Мемлекеттік қызметті саяси партиядағы жетекшілік қызметпен қатар алып жүруге жол берілмейді. Мен заң талаптарын құрметтеймін және оны қатаң сақтаймын», – деді ол.

Партия қағидаттары мен денсаулыққа көңіл бөлу

Сонымен қатар, Respublica партиясының ішкі қағидаттары да бұл шешімге негіз болған. Партия мүшелері мемлекеттік лауазымдарды қатар атқара алмайды. Бұған қоса, Руслан Берденов қазіргі таңда денсаулығын қалпына келтіруге назар аударып жатқанын айтты:
«Мемлекеттік қызметтегі лауазымымды өз деңгейінде атқаруым үшін өзімді жақсы сезіну маңызды. Сол себепті күш-қуатымды соған бағыттаудамын», – деді ол мәлімдемесінде.

Respublica партиясына алғыс

Руслан Берденов өз сөзінде Respublica партиясының құндылықтары мен бастамаларына адал екенін, әрі әріптестеріне алдағы уақытта табыс тілейтінін жеткізді:
«Партия жолының бастауындағы құндылықтар мен идеяларға адал болып қала беремін. Бірге жұмыс істеген әріптестеріме шын жүректен алғыс айтамын», – деп қорытындылады мәлімдемесін.

Похожие материалы

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов Respublica партиясындағы миссиясын аяқтады · Todayinfo