Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Шымкентте 7 жасар баланы қазасына байланысты екі компания басшысы қамалды

Шымкентте жеті жасар баланың өліміне байланысты екі мердігер ұйымның басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo   Otyrar.kz -ке сілтеме жасап. Оқиға 12 сәуірде Қаратау ауданында тіркелген. Бірінші сынып оқушысы суға толған құрылыс шұңқырына батып кеткен. Кейін белгіл

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Шымкентте 7 жасар баланы қазасына байланысты екі компания басшысы қамалды

Шымкентте жеті жасар баланың өліміне байланысты екі мердігер ұйымның басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo  Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 сәуірде Қаратау ауданында тіркелген. Бірінші сынып оқушысы суға толған құрылыс шұңқырына батып кеткен. Кейін белгілі болғандай, шұңқыр тұрғын үйлердің жанында қазылғанымен, оның маңында ешқандай қоршау да, ескерту белгілері де орнатылмаған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, бұл учаскеге екі мердігер компания – «Ақ жол» ЖШС мен «Azia RC» ЖШС жауапты болған. Құқық қорғау органдары қос компанияның басшыларын қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтамағаны үшін күдікті деп таныды.

«Құрылыс алаңында қоршау мен ескерту белгілері мүлдем болмаған. Компания басшылары ұсталып, қамауға алынды», — деп мәлімдеді Шымкент қалалық Полиция департаментінен.

Похожие материалы

Шымкентте 7 жасар баланы қазасына байланысты екі компания басшысы қамалды · Todayinfo