Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлерінен қашпақ болған 24 жастағы жігіт компьютерлік клубтың үшінші қабатынан секіріп кеткен. Салдарынан ол ауыр жарақат алып, бірнеше күн комада жатқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаға байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 мамырда қаладағы компьютерлік клубтардың бірінде болған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция барлық мән-жайды жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.