Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандары сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Қала әкімдігі ақыры ірі компанияны кәсіпкерден тартып алды, деп хабарлайды Todayinfo.
Шешім Әлихан Смайылов басқаратын Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысы негізінде қабылданған.
Жоғары аудиторлық палата өткен жылы су шаруашылығына бөлінген бюджет қаржысының және активтерінің тиімді пайдаланылуына мем.аудит жүргізген еді.
Тексеру кезінде Шымкенттегі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандарының заңсыз жолмен жекеменшікке өтіп кеткені анықталған. Бұл Су кодексі талаптарына қайшы.
Осыған орай, Үкіметке су шаруашылығы объектілерін мемлекет меншігіне қайтару туралы нақты шара қабылдау ұсынылған.
Нәтижесінде Шымкент қаласының әкімдігі сотқа арыз түсіріп, сот әкімдік талабын қанағаттандырады.
Жеке меншік ЖШС мен Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (қазіргі Түркістан облысы) арасында жасалған шарт жарамсыз деп танылды.
Бізге жеткен мәлімет бойынша Сыздықбеков мұнымен шектеліп қалмайды, Шымкентті билеп-төстеп отырған түрлі монополиялық құрылымдарға қарсы күресті күшейе түспек.
Коллаж: Ulysmedia




