Сорбұлақтағы сұмдық: апатқа ұшыраған тікұшақтағы экипаж мүшелерінің жеке заттары табылды
Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасында бес күн бұрын жоғалған әскери тікұшақ экипажы мүшелерінің жеке заттары табылды. Іздеу операциясы жалғасып жатыр. Бұл туралы Qogam News телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Todayinfo . Сорбұлақта экипаж мүшелерінің туыстары да жүр. Солард

Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасында бес күн бұрын жоғалған әскери тікұшақ экипажы мүшелерінің жеке заттары табылды. Іздеу операциясы жалғасып жатыр. Бұл туралы Qogam News телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Todayinfo.
Сорбұлақта экипаж мүшелерінің туыстары да жүр. Солардың бірі із-түссіз жоғалған бауырының жеке гигиена заттары мен смартфон қуаттағыштарын айнытпай таныған.
«Мен жеке гигиена заттарын таныдым. Бұған қоса, термосты көрдім. Оның бауырыма тиесілі екені анық. Бір қораптағы үш қуаттағышты ол үйде де қолданып жүрген. Біреуі телефонға, екіншісі сағатқа, ал үшіншісі қарапайым телефонға арналған. Бауырым оларды бір қорапта сақтайтын», – дейді экипаж мүшесінің бір туысы.
Оның айтуынша, құтқарушылар оған бауырына тиесілі емес басқа да заттарды көрсеткен.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов тікұшақты іздестіріп жатқан орынға келіп, экипаж мүшелерінің туыстарымен сөйлесті.
Еске салайық, EC-145 әскери тікұшағы 25 шілдеде Луговойдан ұшып шығып, радардан жоғалып кетті. Оның бортында экипаждың үш мүшесі болған. Әскери техника мен экипаж мүшелері бес күннен бері табылмады.
Тікұшақ қалдықтары Алматы облысындағы жасанды су қоймасы аумағынан табылған.
Фото: Қорғаныс министрлігі
Похожие материалы

Новости
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·