«Сол жақ кеуде қуысына шаншылып кесілген жарақат табылды. Ол жара артқы қолтық асты сызығы мен 5-6 қабырға ортасында орналасқан. Жарақат сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігін зақымдаған. Тереңдігі – 12 см», – деді сот сарапшысы.
Сарапшының мәліметінше, жасөспірімнің денесінде бірнеше қанталау мен көгерген іздер, сондай-ақ бет пен мойын тұсындағы жарақаттар болған. Бұл – физикалық зорлық әрекеттерінің орын алғанын көрсетеді.- Оң көзінің асты мен көз маңайында қанталаған;
- Оң қолдың саусақ ортасында қанталау;
- Оң иығында екі көгерген із;
- Сол қол саусағында сызат;
- Желкеде қанталау.
«Өлімнің тікелей себебі – өткір затпен салынған кеудедегі жарақат», – деп түйіндеді сарапшы.




