Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Сотта ағыл-тегіл жылады: атақты продюсерге үкім шықты

Хип-хоп продюсер ПиДидди атымен әлемге танылған Шон Комбс төрт жылдан астам мерзімге түрмеге қамалып, одан кейін бес жыл шартты бақылауда болады. Осылайша соңғы жылдардағы ең атышулы жұлдыздың сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo nbcnews - ке сілтеме жасап. Сот оны жезөкшел

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Сотта ағыл-тегіл жылады: атақты продюсерге үкім шықты

Хип-хоп продюсер ПиДидди атымен әлемге танылған Шон Комбс төрт жылдан астам мерзімге түрмеге қамалып, одан кейін бес жыл шартты бақылауда болады. Осылайша соңғы жылдардағы ең атышулы жұлдыздың сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo nbcnews- ке сілтеме жасап.

Сот оны жезөкшелікке тарту мақсатында адам тасымалдағаны үшін кінәлі деп таныды, бірақ ұйымдасқан қылмыс пен жыныстық сауда айыптарынан ақтады. Комбс кінәсін мойындаған жоқ.

Бес сағатқа созылған отырыста судья Арун Субраманиан Дидди «өкініш білдірмеді» деп атап өтті және оған жеңілдік қарастырылмайтынын айтты. Нәтижесінде ол 50 айға (шамамен 4 жыл 2 ай) бас бостандығынан айырылып, 500 мың доллар айыппұлтөлеуге міндеттелді.

Дидди сотта көз жасын тыя алмай, анасы мен отбасынан кешірім сұрап, «бәрінен айырылдым, өзімді жек көремін» деді. Судья оның әрекеттерін «ықпалын асыра пайдалану және әйелдерді психологиялық, физикалық тұрғыда қорлау» деп бағалады.

Фото: ANGELA WEISS/GETTY IMAGES

Похожие материалы

Сотта ағыл-тегіл жылады: атақты продюсерге үкім шықты · Todayinfo