Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Созақ ауданында жылдағы дәстүрге сай шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары басталды. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқабында 150 гектар, Құмкент ауылдық округіне қарасты Сарысу ауданымен шекаралас 100 гектар аумақта залалсызданд

Созақ ауданында жылдағы дәстүрге сай шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары басталды. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқабында 150 гектар, Құмкент ауылдық округіне қарасты Сарысу ауданымен шекаралас 100 гектар аумақта залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Жалпы көлемі 850 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Аталған шараларға қажетті 8 техника жұмылдырылды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков зиянкестермен күрес жұмыстары жүріп жатқан аумақтарға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарға бақылау жүргізуде. Өңір басшысы жауапты мекемеге залалсыздандыру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, аталған аумақтарда өткен жылы саяқ шегіртке түрі тіркеліп, 930 гектар жер залалсыздандырылған болатын. Ал биыл алғаш рет Сарысу ауданымен шекаралас аумақта итальяндық шегіртке түрі анықталып отыр. Қазіргі таңда болжам орталығының мамандары зиянкестердің дернәсілдері анықталған аумақтарды тұрақты бақылауға алып, олармен күрес шараларын жүргізіп жатыр.
Похожие материалы

Туркестанская область
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Жаннұр Еділбаева·

Туркестанская область
Түркістанда аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған каскадтық оқу-семинары өткізілуде
Жаннұр Еділбаева·

Туркестанская область
Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа өнер мектебі ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Туркестанская область
На возвращенные активы в Туркестанской области построили музыкальную школу и еще 26 объектов
Жаннұр Еділбаева·