Todayinfo.kz
г. Степногорск

Степногорск агломерациясында ет кластерін дамыту және инвестициялық аймақтарды кеңейту мәселелері талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен етті мал шаруашылығын дамыту және өңірдегі инвестициялық аймақтарды одан әрі қалыптастыру мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі. Аталған жиын Ақмола облысы

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Степногорск агломерациясында ет кластерін дамыту және инвестициялық аймақтарды кеңейту мәселелері талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен етті мал шаруашылығын дамыту және өңірдегі инвестициялық аймақтарды одан әрі қалыптастыру мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған жиын Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенін жүйелі дамытуға, оның ішінде Степногорск агломерациясының әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталды.

Кеңес барысында Ерейментау ауданында ет кластерін құру жөніндегі консорциумның кеңесшісі Гүлмира Исаева мен мал өсірушілер одағының төрағасы Дәурен Салықовтың баяндамалары тыңдалды. Спикерлер өңірде қалмақ тұқымды ірі қара малын өсірудің экономикалық тиімділігі, экспорттық әлеуеті және мал өсірушілерді қаржылай қолдау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Ерейментау ауданындағы «Соколинки и К» және «Торғай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері негізгі (якорлық) кәсіпорындар ретінде айқындалды. 2025 жылы аталған шаруашылықтар 4,3 мыңнан астам бас қалмақ тұқымды ірі қара малын әкеліп, тиісті ветеринариялық талаптарға сәйкес карантиндік шаралардан өткізді. Бұл бастама өңірде ет өндірісін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Ет кластерін дамыту және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің біліктілігін арттыру мақсатында Торғай ауылында Фермерлер үйінің құрылысы басталды. Бұл орталықта шаруаларға арналған оқыту семинарлары, тәжірибе алмасу кездесулері және консультациялық қызметтер ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар кеңес барысында Ақмола облысындағы индустриялық және инвестициялық аймақтарды дамыту перспективалары қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстар Степногорск қаласының экономикалық әлеуетін арттыруға, агроөнеркәсіптік жобаларды іске асыруға және шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді.

Өңір басшысы агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды кешенді қолдаудың маңызын атап өтіп, ауыл шаруашылығын дамыту облыс экономикасының негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін жеткізді.

Похожие материалы