«Су – тіршілік көзі. Сусыз өмірді елестету мүмкін емес. Осы салада еңбек етіп жүргендіктен, судың қайдан, қалай келетіні, оны тұрғындарға жеткізу үдерісі бізге етене таныс. Елді сумен қамтамасыз ету өте күрделі екені белгілі. Сондықтан да Мемлекет басшысы: «Біз соңғы екі жылда осы саланың институционалдық негізін қалыптастырдық. Атап айтқанда, Су кодексі қабылданды, арнайы министрлік құрылды. Бұл мекеменің алдында ауқымды міндеттер тұр. Оған үстіртін қарамау керек. Осы жұмыспен жүйелі түрде және жан-жақты айналысу қажет. Осыған орай кәсіби кадрларды дайындау керек, су дипломатиясымен айналысатын мамандарды әзірлеу қажет», – деп нақты міндеттер қойды. Соның ең маңыздысы – су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі таңда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр. Жүйеде жерүсті және жерасты суы, гидротехникалық құрылысжайлар мен өзге де су шаруашылығы нысандары туралы мәліметтер жинақталады. Болашақта жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректерін қолдану жоспарланып отыр. Бұл елдің су балансын, экономика мен азаматтардың суға деген нақты қажеттілігін анықтауға, су ресурстарын пайдалануды талдауға және бақылауға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйені енгізу нәтижесінде жерүсті және жерасты су ресурстарын есепке алу және басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Бұл мемлекеттік жүйелермен интеграциялау арқылы мәліметтердің қайталануын жойып, суды пайдаланудағы ашықтық пен тиімділікті арттырады, сондай-ақ су тапшылығы мен төтенше жағдайлармен тиімді күресуге мүмкіндік береді», – деді қалалық мәслихат депутаты.М.Секенов судың да сұрауы бар екенін алға тартып, су үнемдеуді әр адамның күнделікті әдетіне айналдыруы, кәсіпорындарға су үнемдеудің жаңа технологиясын енгізу қажеттігі заман талабы екенін нақты мысалдармен түсіндірді. Мемлекет басшысы айтқандай, су мәселесі бойынша бүгін дұрыс және орынды шешім табылса, ертең соның игілігін кейінгі ұрпақ көреді. Фото: Freepik
«Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасы»: Текеліде Президент Жолдауы аясында дөңгелек үстел өтті
30 қазанда Текелі қаласында өткен дөңгелек үстелде Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасы туралы әңг

30 қазанда Текелі қаласында өткен дөңгелек үстелде Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасы туралы әңгіме өрбіді, деп хабарлайды Todayinfo.
Текелі қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпорын директоры Марлен Секенов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында су инфрақұрылымын жаңғырту мәселесіне айырықша көңіл бөліп, су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі екенін атап өткеніне тоқталды.
Похожие материалы

Новости
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·