Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Су тасқыны кезінде ауыз судың ластануынан қалай қорғануға болады? - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сақтық шараларын ұсынды

Көктемгі су тасқыны кезінде ауыз судың ластануы мен жұқпалы аурулардың таралу қаупі артады. Осы ретте Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды қарапайым сақтық шараларын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Todayinfo. Су тасқыны - өзендердегі, т

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Су тасқыны кезінде ауыз судың ластануынан қалай қорғануға болады? - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сақтық шараларын ұсынды
Көктемгі су тасқыны кезінде ауыз судың ластануы мен жұқпалы аурулардың таралу қаупі артады. Осы ретте Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды қарапайым сақтық шараларын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Todayinfo. Су тасқыны - өзендердегі, тоғандардағы және басқа да су ағындарындағы су деңгейінің үнемі қайталанып көтерілуі, үлкен аумақтарды су басумен және жер асты сулары деңгейінің көтерілуімен бірге жүретін жағдай. Су деңгейінің тез көтерілуі және айналаны су басу халыққа үлкен қауіп төндіреді.
«Су тасқыны эпидемияға қарсы әл-ауқатқа орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған және жеке ұңғымалар мен құдықтардан суды ауыз су мақсатында пайдаланатын тұрғын үй құрылысының жеке секторының тұрғындары үшін ерекше қауіп төндіреді. Өзендердің, шағын көлдердің суы тасыған кезде, олар жаңбыр суымен араласып еріген сулар пайда болады, бұл құдықтар мен ұңғымалардағы судың қоқыс, шаруашылық аулалары, дәретханалардың ағынды суларымен жаппай ластануына алып келеді. Сонымен қатар, су тасқынының салдарынан орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен ауыз судың ластануы, су тасымалдау арқылы халық арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы қаупі туындайды», - деді Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев.
Лас су арқылы гепатит, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, туляремия сияқты аурулар тарайды. Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустары, соның ішінде энтеровирустар, гепатит - А және басқалары басым орын алады. Осыған орай, көктемгі су тасқынына дайындық қала өмірінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
«Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көктемгі су тасқыны кезеңінде су құбыры-кәріз жүйелерін пайдалануға және ауыз су сапасына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын болдырмау мақсатында тұрғындарға су тасқыны кезеңінде аурудың алдын алудың қарапайым және тиімді шараларын сақтау қажеттігін еске салады:
  • тұрғын үйлердің және басқа да объектілердің ауласын қардан, жиналған қоқыстан уақтылы тазалау;
  • дәретханалар мен қоғамдық ашық дәретханаларды тазалау және оларды уақытылы дезинфекциялау;
  • шаруашылық құрылыстар мен жертөлелерді су басуға жол бермеу;
  • аулада дренажды арықтар жасау;
  • елді мекенге жақын маңдағы өзендер мен арықтарды қоқыс пен мұздан тазарту жүргізу;
  • құдықтарды қақпақтармен жабдықтау, ағаш үйлерді жақсы жөндеуден өткізу.
  • ұңғымалар жарамсыз болып, су құбыры жұмыс істемей қалу жағдайын ескере отырып, ауыз судың жеткілікті мөлшерін жинақтау;
  • жеке гигиенаны сақтау, ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
  • еріген (тасқын) сумен ластанған тамақ өнімдерін жеуге болмайды;
  • сапасы күмәнді құдықтардың суын немесе ағынды суды тиісті зертханалық тексерусіз ауыз су үшін пайдалануға болмайды;
  • ауыз суы бар құдықтарды ластанған судан тазалау.
Қарапайым гигиеналық ережелерді сақтау Сізді көптеген аурулардан сақтайды», - деді Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев.
Фото: Freepik

Похожие материалы

Су тасқыны кезінде ауыз судың ластануынан қалай қорғануға болады? - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сақтық шараларын ұсынды · Todayinfo