Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тағы да сарбаз өлімі: Маңғыстау облысында мерзімді әскери сарбаз қаза тапты

Фото: adyrna.kz 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қо

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Тағы да сарбаз өлімі: Маңғыстау облысында мерзімді әскери сарбаз қаза тапты
Фото: adyrna.kz 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды. Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.

Похожие материалы

Тағы да сарбаз өлімі: Маңғыстау облысында мерзімді әскери сарбаз қаза тапты · Todayinfo