Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Талдықорғанда марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың пышақтаған адамды таныған видеосы сотта ұсынылды

Талдықорған қаласында өтіп жатқан сот отырысында Нұрқанат Ғайыпбаевтың ауруханада тергеу барысында берген видеожазбасы ұсынылды. Бейнежазбада Ғайыпбаев өзінің інісін және өзін пышақтаған адамды фотосуреттерден танығанын мәлімдейді.Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Талдықорғанда марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың пышақтаған адамды таныған видеосы сотта ұсынылды
Талдықорған қаласында өтіп жатқан сот отырысында Нұрқанат Ғайыпбаевтың ауруханада тергеу барысында берген видеожазбасы ұсынылды. Бейнежазбада Ғайыпбаев өзінің інісін және өзін пышақтаған адамды фотосуреттерден танығанын мәлімдейді.Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. «Інімді пышақтаған адамды түрінен таныдым» – дейді Ғайыпбаев Тергеушілер фотосуреттер көрсетіп, нақты кімнің пышақтағанын сұраған. Ғайыпбаев: «Түрін көрсем, айта аламын» деп жауап беріп, фотодан өзінің інісін пышақтаған адамды танығанын растайды. Тергеушілер «Пышақтаған Нұрқияс па?» деген сұрақ қойған кезде, Ғайыпбаев бұл сәтте есінен танып қалғанын айтқан. «Інімді пышақтап жатқанда, үстіне жатып алдым» – дейді марқұмның бауыры Оның айтуынша, ол оқиға кезінде «отключкада» болған. «Інімді пышақтап жатқанда, мен оның үстіне жатып алдым», – дейді ол видеода. Тергеушілердің бірнеше сұрағына «Солар...» деп жауап береді. Сот процесінде көрсетілген видеода Ғайыпбаевқа бірнеше фотосурет көрсетіліп, ол өзін пышақтаған күдіктіні де бірден танығаны анық көрсетіледі.  

Похожие материалы

Талдықорғанда марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың пышақтаған адамды таныған видеосы сотта ұсынылды · Todayinfo