Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.«Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Есірткі сақтау мен таратудың кез келген дерегі қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады», – деп атап өтті Жетісу облысы Полиция департаментінде.
Талдықорғанда зейнеткер әйел 5 кило есірткімен ұсталды: ол енді 12 жылға сотталуы мүмкін
Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтатуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Операция барысында Еркін ауылында есір

Жетісу облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымын тоқтатуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Операция барысында Еркін ауылында есірткіні заңсыз сақтау және сату күдігімен Талдықорған қаласының 62 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу әрекеттері шеңберінде полицейлер бақылау сатып алу жүргізіп, күдіктіден жалпы салмағы 5 грамнан асатын гашиш есірткі заты сатып алынды. Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған алты полиэтилен пакет тәркіленді.
Сонымен қатар, үй ауласындағы сарайдан скотчпен оралған үлкен қара пакет табылды. Оның ішінде жалпы салмағы 5 келіден асатын, өзіне тән иісі бар, алдын ала болжам бойынша гашиш есірткі заты анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда. Күдіктіге қатысты сот шешімімен денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Похожие материалы

Новости
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Новости
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Мәдениет үйлері мен заманауи музейлер: Қазақстанда мәдениет саласын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам завершения весенне-полевых работ и развития АПК
Жаннұр Еділбаева·