Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі бойынша сот ашық өтуі мүмкін – Бас прокуратура

Талғар қаласында 2023 жылдың қазан айында 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі ашық форматта өтуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі бойынша сот ашық өтуі мүмкін – Бас прокуратура
Талғар қаласында 2023 жылдың қазан айында 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі ашық форматта өтуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, бұл іс бойынша тергеу процесі жеңіл болмаған. Іс материалдарымен танысу ұзақ уақыт алған, өйткені көптеген сараптама жасалған.
«Прокуратура ашықтықты толық қолдайды. Менің білуімше, сот отырысы ашық форматта өтеді. Дегенмен, сот процесінің ашық немесе жабық болуын тек сот өзі шешеді. Біздің ұстанымымыз – сот ашық өтуі керек. Қазір аз ғана уақыт қалды, күте тұрайық», – деді Қойгелдиев.
 

Похожие материалы

Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі бойынша сот ашық өтуі мүмкін – Бас прокуратура · Todayinfo