Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Талғарда тағы жанжал: бірнеше жігіт бір азаматты жабылып соққыға жыққан

Әлеуметтік желілерде Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында бірнеше жігіттің бір азаматты жабылып ұрып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo.  Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні таңертең «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында орын

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Талғарда тағы жанжал: бірнеше жігіт бір азаматты жабылып соққыға жыққан
Әлеуметтік желілерде Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында бірнеше жігіттің бір азаматты жабылып ұрып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo.  Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні таңертең «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында орын алған. Ең қызығы, бұл оқиға бойынша полицияға ешқандай азаматтан арыз немесе шағым түспеген. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында анықталған.
 «Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жанжалға қатысқан барлық азаматтарды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, қатысушылар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – ортақ міндет екенін еске салған полиция азаматтарды тәртіпке бағынуға шақырды.

Похожие материалы

Талғарда тағы жанжал: бірнеше жігіт бір азаматты жабылып соққыға жыққан · Todayinfo