Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Талғардағы оқиға: Шерзат Болатты кімнің пышақтағаны белгілі болды

Алматы облысы, Талғар ауданында орын алған Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық оқиға бойынша күдікті тұлғалар анықталды. Бұл туралы аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан сотта куә ретінде мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, оқиға туралы хабар

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Талғардағы оқиға: Шерзат Болатты кімнің пышақтағаны белгілі болды
Алматы облысы, Талғар ауданында орын алған Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық оқиға бойынша күдікті тұлғалар анықталды. Бұл туралы аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан сотта куә ретінде мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, оқиға туралы хабар жедел кезекшіден түскеннен кейін, ол дереу аудандық полиция басқармасына барған. Қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріп, кейін оқиға орнына өзі барған.
«Оқиға орнына барғаннан кейін, жедел уәкілмен бірге ауруханаға бет алдық. Сол жерде зардап шеккен Нұрқанат Ғайыпбаевтан бейнетаспаға сұхбат алынды», – деді Әділжан.
Жәбірленуші Ғайыпбаев полиция көрсеткен бірнеше адамның суретін қарап шығып, нақты тану жүргізген. Оның айтуынша, Шерзат Болатты пышақтаған — Шынасыл Абзал, ал өзін жарақаттаған азамат — Тоқтаубаев. Судья Ержан Жанұзақов нақты кімді танығанын сұрағанда, Медет Әділжан төмендегідей жауап берді:
«Ол нақты Шерзатты Шынасыл Абзал пышақтағанын, ал өзін Тоқтаубаев жарақаттағанын айтты. Екеуінің де суретін көрсетті», – деді Әділжан.

Похожие материалы

Талғардағы оқиға: Шерзат Болатты кімнің пышақтағаны белгілі болды · Todayinfo