Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Талғардағы қанды оқиға: Шерзатты өлтірген күдіктілер студенттерден де ақша бопсалаған

2024 жылдың 3 қазанында Талғар ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты өтіп жатқан сот отырысында айыпталушылардың біріне ақша аударғаны белгілі болған жасөспірім Бекнұр Асқарбек куә ретінде жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. 2008 жылы Алматы облысы Талғ

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Талғардағы қанды оқиға: Шерзатты өлтірген күдіктілер студенттерден де ақша бопсалаған

2024 жылдың 3 қазанында Талғар ауданында болған қайғылы оқиғаға байланысты өтіп жатқан сот отырысында айыпталушылардың біріне ақша аударғаны белгілі болған жасөспірім Бекнұр Асқарбек куә ретінде жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

2008 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Береке ауылында дүниеге келген Бекнұр Асқарбек қазіргі уақытта Талғардағы колледждің бірінші курс студенті. Кәмелетке толмағандықтан, сотта жауап берген кезде қасында анасы әрі заңды өкілі Айсұлу Қалтаева (1989 жылы туған) болды.

«Дархан – жездемнің көршісі, Думанмен мектепте оқығанмын»

Сот отырысында судья Ержан Жанұзақов куәгерден айыпталушылардың арасынан кімді танитынын сұрады.

«Екеуін ғана танимын. Дархан мен Думанды. Дархан – жездемнің көршісі. Ал Думанмен бір мектепте оқығанмын. Жәбірленушілерді танымаймын», – деді Бекнұр Асқарбек.

«Жездемнің өтінішімен 1000 теңгені Дарханға аудардым»

Прокурор 2024 жылдың 3 қазан күнгі жағдайды нақтылап сұрады. Бекнұрдың айтуынша, сол күні кешкі уақытта жездесі қоңырау шалып, Дарханның ақша сұрайтынын ескерткен.

«Кешкі сағат 22:30 бен 23:30 арасында жездем хабарласып, “Қазір саған Дархан аға хабарласады, 1000 теңге салып жіберсең” деді. Кейін Дархан аға хабарласып, нөмірін WhatsApp арқылы жіберді. Мен сол нөмірге Kaspi арқылы 1000 теңге аудардым», – деді ол.

Оның айтуынша, жездесінің Kaspi шоты уақытша істемей тұрған. Ал ақшаны өзі анасынан алған, бірақ өзінің Kaspi шоты болмағандықтан, әпкесі Қалтаева Светлананың шоты арқылы жіберген.

Ақшаны нақты кімге аударғанын білмеген

Прокурор тарапынан «Дархан бұрын да ақша сұраған ба?» деген сұраққа куәгер нақты есіне түсіре алмағанын айтты. Бұрын да бір рет аударған болуы мүмкін екенін жеткізді.

Сондай-ақ, 3 қазан күні аударған ақшаның түбіртегін Дарханға жібергенін, ал қаражат нақты кімге жіберілгенін білмейтінін, «дүкенге аударғандай болдым» деп атап өтті.

«Қамажай» дүкенінде болған жағдай туралы сол күні білмедім. Кейінірек естідім», – деді куәгер.

2023 жылдың 3 қазанында Алматы облысы Талғар ауданында орын алған қайғылы оқиға салдарынан жасөспірім Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан болатын. Қазіргі уақытта осы іске қатысты сот процесі жүріп жатыр.

Похожие материалы

Талғардағы қанды оқиға: Шерзатты өлтірген күдіктілер студенттерден де ақша бопсалаған · Todayinfo