Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Танымал әншіге әлеуметтік желіде тосын ұсыныс жасалды

Қазақ эстрадасының жарқын өкілі, әнші әрі композитор Қазыбек Құрайыш өзінің Instagram парақшасында белгісіз арудан некені тіркеуге арналған электронды өтініш алғанын бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «–1 бойдақ», – деп жазды Құрайыш өз парақшасында, әзіл арал

Автор Айғаным Нариманова··2 мин чтения
Танымал әншіге әлеуметтік желіде тосын ұсыныс жасалды
Қазақ эстрадасының жарқын өкілі, әнші әрі композитор Қазыбек Құрайыш өзінің Instagram парақшасында белгісіз арудан некені тіркеуге арналған электронды өтініш алғанын бөлісті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «–1 бойдақ», – деп жазды Құрайыш өз парақшасында, әзіл аралас Stories жариялап. Арудың есімі – Альбина, ол некеге тұру туралы ресми өтінішті әншінің атына электронды форматта жіберген көрінеді. Қазыбек Құрайыш – соңғы жылдары тыңдарман жүрегін жаулап, өзіндік стилімен отандық музыкалық сахнада орныққан орындаушылардың бірі. Ол тек орындаушы ғана емес, сонымен қатар композитор ретінде де кеңінен танымал. Әнші Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "радиотехника, электроника және коммуникация" мамандығы бойынша білім алған. Кейін Самара қаласында аэроғарыш саласында магистратура тәмамдаған. Алайда, 2018 жылы Астанаға жұмыс іздеп келген ол күтпеген жерден музыка әлеміне қадам басқан. Бұл шешім оның шығармашылық тағдырын түбегейлі өзгертті. Бастапқыда Қазыбек өз әндерін Қуандық Рахым, Бүркіт пен Аиша, Ернар Амандық сынды танымал орындаушыларға ұсынған. Кейіннен өзі сахнаға шығып, «Мінезің көркем», «Көркемім», «Алыстама менен», «Бірге», «Сені іздеп» сынды хит әндерімен танылды. Оның "Мінезің көркем" атты әні анасына арналса да, кең аудиторияға жол тауып, үлкен танымалдылыққа ие болды. Қазыбек Құрайыш көпшілік шараларда сирек көрінеді, сұхбаттан гөрі шығармашылығымен сөйлеуді жөн көреді. Камера алдында өзін жайсыз сезінетінін мойындаған ол, тыңдармандарымен әлеуметтік желілер арқылы тұрақты байланыста болып келеді.  

Похожие материалы

Танымал әншіге әлеуметтік желіде тосын ұсыныс жасалды · Todayinfo