Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Танымал әзілкештер ажырасу мәселесін көтерді

  Әзілкеш әрі актер Ақболат Өтебай Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында өнердің қоғамға әсері туралы ой қозғады. Ол «Назар аудар» театрының бастамасымен түсірілген кинолардың маңыздылығына тоқталып, олардың көрермен тарапынан оң қабылдануы шығармашылықпен айн

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Танымал әзілкештер ажырасу мәселесін көтерді
  Әзілкеш әрі актер Ақболат Өтебай Qazaqstan телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасында өнердің қоғамға әсері туралы ой қозғады. Ол «Назар аудар» театрының бастамасымен түсірілген кинолардың маңыздылығына тоқталып, олардың көрермен тарапынан оң қабылдануы шығармашылықпен айналысуға үлкен серпін бергенін жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo. Актердің айтуынша, әлеуметтік мәселелерге арналған фильмдер, әсіресе ажырасу тақырыбы көтерілген туындылар қоғамда өз орнын тапқан.

«Халықпен сөйлескен кезде оң бағасын беріп жатады. «Осы нәрсе қоғамда айтылуы керек қой» деп айтып жатады. Бұл бізге үлкен шабыт береді. «Біз миллиард таптық» дегеннен гөрі осы бізге маңызды. Бірінші кинодан кейін «Сол фильмнен соң ажыраспай қалдық», «Әйеліме көзқарасым өзгерді» деген пікірлер келді. Сол пікірлер бізге ерекше күш береді», – деді Ақболат Өтебай.

Ол алғаш түсірілген фильмнің астарында қоғамдағы коучтардың әсері мен олардың отбасылық қарым-қатынасқа араласуы туралы ой жатқанын да атап өтті.

«Коучтар көбейген кезде ажырасу да артты. Бәрі бір-біріне ақыл айтып, отбасының ішкі мәселесіне араласады. Негізінде, ерлі-зайыптылар өзара мәмілеге келіп, ашық сөйлесе – көп нәрсе шешіледі. Біз осыны көрсетуге тырыстық», – деді ол.

Актер елімізде ажырасу саны артып келе жатқанын айтып, әлеуметтік желідегі үрдістерге де тоқталды.

«Интернетте бәрі ажырасып жатқандай көрінеді. Бірақ бізде ата-енесін сыйлап, балаларын тәрбиелеп отырған мықты қазақ келіндері бар. Олар шетелге барып келгендерден еш кем емес. Шынайы құндылық – отбасыға адалдық пен сыйластық», – дейді әзілкеш.

Ақболат Өтебай екінші фильмнің қоғамдағы тағы бір өзекті тақырып – жалған ажырасу мәселесіне арналғанын айтты.

«Кейбіреулер үй алу үшін өтірік ажырасты. Құжат жасап, үкіметті алдады. Бірақ мұндай әрекеттердің соңы жақсылыққа апармайды. Біз осы тақырыпты әзіл арқылы көрсеттік. Отбасылық құндылықтар – ойыншық емес», – деп түйіндеді ол.

 

Похожие материалы

Танымал әзілкештер ажырасу мәселесін көтерді · Todayinfo