Таразда күйеуінен қорыққан әйел полицияны алдаған: тергеу жүріп жатыр
Тараз қаласында әйел полицияға тонау туралы жалған ақпарат бергені анықталды. Polisia.kz мәліметінше, қала тұрғыны үйіне бетперде киген белгісіз ер адам басып кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын әшекейлері мен ақшасын алып кеткенін айтып арызданған. Аталған хабарлама бой

Тараз қаласында әйел полицияға тонау туралы жалған ақпарат бергені анықталды.
Polisia.kz мәліметінше, қала тұрғыны үйіне бетперде киген белгісіз ер адам басып кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын әшекейлері мен ақшасын алып кеткенін айтып арызданған.
Аталған хабарлама бойынша полиция бірден әрекет етіп, сотқа дейінгі тергеу басталған. Жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Алайда тексеру барысында бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Тергеу деректеріне сәйкес, әйел күйеуімен болатын жанжалдан қорқып, осындай оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол бірнеше ай бұрын алтын бұйымдарын күйеуінің рұқсатынсыз сатып жіберген.
Қазіргі уақытта әйелге қатысты қылмыс туралы әдейі жалған хабар бергені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция өкілдері жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Мұндай әрекеттер құқық қорғау органдарының уақытын зая кетіріп, шынайы қылмыстарды ашуға кедергі келтіруі мүмкін.
Фото: polisia.kz
Похожие материалы

Новости
КТК временно прекратил прием нефти из Казахстана после атак дронов на танкеры у Новороссийска
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Бас прокуратура сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібін түсіндірді
Айғаным Нариманова·

Новости
Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Айғаным Нариманова·

Новости
«Жауапты біреу айтып тұрды»: Депутаттыққа үміткер Аша Матайға қатысты видео тарады (ВИДЕО)
Айғаным Нариманова·