Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тараздағы жол апатынан жеңіл көлік пойыз бен автобустың ортасында жаншылып қалған

Таразда базар жанында пойыз, автобус және жеңіл көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Todayinfo . Оқиға бүгін сағат 11:25 шамасында болған. «Mercedes-Benz» көлігі пойыз бен жолаушылар автобусының ортасында жаншылып қалған. Апат орнына құтқарушылар, поли

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Тараздағы жол апатынан жеңіл көлік пойыз бен автобустың ортасында жаншылып қалған
Таразда базар жанында пойыз, автобус және жеңіл көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Todayinfo. Оқиға бүгін сағат 11:25 шамасында болған. «Mercedes-Benz» көлігі пойыз бен жолаушылар автобусының ортасында жаншылып қалған. Апат орнына құтқарушылар, полиция қызметкерлері және бірнеше жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды. Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көлік апатынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жөнелтілді. Олар «Mercedes-Benz» автокөлігінен шығарылған. Қазіргі уақытта өзге де зардап шеккендер немесе қаза тапқандар туралы ақпарат нақтылануда.

Похожие материалы

Тараздағы жол апатынан жеңіл көлік пойыз бен автобустың ортасында жаншылып қалған · Todayinfo