Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тарихты ел ішіне іріткі салатын құрал ретінде пайдалануға жол бермеуге тиіспіз - Тоқаев

Төл шежіремізді мұқият зерттеуіміз және терең білуіміз қажет. Бұл – аксиома. Ұлтымыздың тарихын білмей, ең бастысы, оны терең түсінбей, қазіргі заманғы түрлі саяси үрдістер туралы дұрыс пайым жасау мүмкін емес. Миллиондаған адамның тоталитаризм құрбаны болғанын жадымызда сақтау –

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Тарихты ел ішіне іріткі салатын құрал ретінде пайдалануға жол бермеуге тиіспіз - Тоқаев

Төл шежіремізді мұқият зерттеуіміз және терең білуіміз қажет. Бұл – аксиома. Ұлтымыздың тарихын білмей, ең бастысы, оны терең түсінбей, қазіргі заманғы түрлі саяси үрдістер туралы дұрыс пайым жасау мүмкін емес. Миллиондаған адамның тоталитаризм құрбаны болғанын жадымызда сақтау – қастерлі парызымыз. Бұл туралы бүгінгі Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Todayinfo.

Президент тарихты бұрмалауға, сол кезеңдегі мемлекеттің адамгершілікке жатпайтын зұлым саясатын ақтауға мүлдем болмайтынын атап өтті.

«Сондай-ақ тарихты саясаттың қолшоқпары етіп, популистік идеяларды насихаттайтын, ел ішіне іріткі салатын құрал ретінде пайдалануға жол бермеуге тиіспіз. Біздің қоғамда жоғары азаматтық жауапкершілік салтанат құруға тиіс. Қуғын-сүргін мен ашаршылықтан ең көп зардап шеккен қазақ халқы болса да, бұл бұрынғы кеңес мемлекетінде өмір сүрген барлық дерлік халықтардың басына түскен қасірет»,- деген мемлекет басшысы мұндай нәубеттер ешқашан қайталанбауы үшін одан сабақ алуымыз қажет екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыз ұлы дала өркениетінің бірегей мәдени кодын сақтап келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, дәл осы рухани сабақтастықтың арқасында ел тағдыры сынға түскен кездерде де халқымыз барлық қатерді еңсере білген, ар-намысын әрдайым биік ұстаған.

Мемлекет басшысы жұртымыз ең ауыр кезеңдердің өзінде ынтымақ, гуманизм және бауырластық сияқты асыл құндылықтардан ажырамағанын атап өтті. Ол түрлі нәубеттен жапа шеккендерге қазақ халқы әрдайым көмектесуге дайын болғанын, сол себепті өзара қамқорлық, жауапкершілік пен төзімділік қасиеттері ұлттық болмысымыздың айнымас сипатына айналғанын жеткізді.

Похожие материалы

Тарихты ел ішіне іріткі салатын құрал ретінде пайдалануға жол бермеуге тиіспіз - Тоқаев · Todayinfo