Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тәулігіне ₸2,5 млн.: ДжейЛо Алматыдағы Назарбаев тоқтаған қонақүйге қоныстануы мүмкін

10 тамызда Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концертін асыға күткен тыңдармандар әлемдік поп-жұлдыздың қайда тоқтайтынына қызығушылық танытуда. CMN редакциясы бұл сұраққа жауап іздеп, жұлдыздың ықтимал тұрағын анықтады. Редакция мәліметінше, Джей Ло Swissotel Wellness Resort Ala

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Тәулігіне ₸2,5 млн.: ДжейЛо Алматыдағы Назарбаев тоқтаған қонақүйге қоныстануы мүмкін

10 тамызда Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концертін асыға күткен тыңдармандар әлемдік поп-жұлдыздың қайда тоқтайтынына қызығушылық танытуда. CMN редакциясы бұл сұраққа жауап іздеп, жұлдыздың ықтимал тұрағын анықтады.

Редакция мәліметінше, Джей Ло Swissotel Wellness Resort Alatau қонақүйінде тұруы мүмкін. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиі тоқтаған люкс санатындағы нысан. Дәл сол қонақүйде 7–11 тамыз аралығында 360 шаршы метрлік президенттік люкс нөмір алдын ала брондалған.

Президенттік люкстің ерекшеліктері:

  • Екі жатын бөлме, жеке жұмыс кабинеті мен конференц-зал;

  • Ас үй, екі жуынатын бөлме, гардероб және гольф алаңына қарайтын балкондар;

  • VIP-кіреберіс пен жеке лифт арқылы кіруге мүмкіндік бар.

Бағасы:

  • Бір адамға – тәулігіне 1 275 000 теңге,

  • Екі адамға – тәулігіне 2 550 000 теңге.

  • Төрт күнге есептегенде – 12,75 миллион теңге.

Қызметтерге мыналар кіреді:

  • Таңғы ас (швед үстелі),

  • SPA аймағына шексіз қолжетімділік (бассейн, джакузи, акватоник),

  • VIP-зонадағы тағамға жеке тапсырыс.

Сондай-ақ, CMN дерегінше, Дженнифер Лопестің халықаралық турне кезіндегі труппасы 100-ге жуық адамнан тұрады. Ұйымдастырушылар оларға арнайы 100 орындық тұру аймағын дайындауда.

Похожие материалы

Тәулігіне ₸2,5 млн.: ДжейЛо Алматыдағы Назарбаев тоқтаған қонақүйге қоныстануы мүмкін · Todayinfo