Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Қазақстан Иранмен жасалған барлық келісімді тоқтатты

Сенаттағы брифингте журналистер сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғыстың отандық бизнесмендерге әсерін сұрады. Ол көптеген бизнес жобалары қазір тоқтап тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сыртқы істер вице-министрі Арман Ис

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Қазақстан Иранмен жасалған барлық келісімді тоқтатты
Сенаттағы брифингте журналистер сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғыстың отандық бизнесмендерге әсерін сұрады. Ол көптеген бизнес жобалары қазір тоқтап тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетовтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер күту режимінде. Дегенмен вице-министр нақты жобаларды атай алмады.
"Бізде астық жеткізілімдері болды. Азық-түлік өнімдерін өзара алмасу жобалары болды. Олар қазір тоқтап тұруы мүмкін", – деді Исетов.
Вице-министр инвестиция көлемі аз болғандықтан, соғыс салдарынан айтарлықтай шығындар болмағанын айтты.
"Иранмен жақсы серіктестік орнатқанымызды ескерсек, әрине, әсері бар, бірақ ол онша үлкен емес", – деп қорытындылады Исетов.

Похожие материалы

Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Қазақстан Иранмен жасалған барлық келісімді тоқтатты · Todayinfo