Todayinfo.kz
Алматинская областьСмотреть все материалы

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында өткен «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты

Экологтар күніне орай Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ұзынқарғалы өзенінің бойында «Таза жағажай – таза өзен» атты экологиялық акция өтті. Табиғатты аялау мен туған жерге жанашырлық танытуды көздеген шараға 100-ден астам адам – жергілікті тұрғындар, жастар, еріктілер мен қоғамд

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында өткен «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты
Экологтар күніне орай Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Ұзынқарғалы өзенінің бойында «Таза жағажай – таза өзен» атты экологиялық акция өтті. Табиғатты аялау мен туған жерге жанашырлық танытуды көздеген шараға 100-ден астам адам – жергілікті тұрғындар, жастар, еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдері белсене қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Экологиялық бастаманың басты мақсаты – жағажай аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, су айдындарының ластануына жол бермеу, сондай-ақ табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру арқылы азаматтардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жамбыл аудандық аналар кеңесінің төрайымы Зияш Мамедова:
«Таза Қазақстан» – бұл табиғатымызға деген құрмет қана емес, ел болашағына жауапкершілікпен қараудың нақты көрінісі. Осындай игі істер жастарымызды отансүйгіштікке, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулиды. Таза жер – халықтың рухани тазалығының да көрінісі», – деп атап өтті.
Акция барысында қатысушылар өзен бойын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаз және өзге де қоқыстардан тазартып, нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды. Мұндай бастамалар – туған жердің табиғатын көздің қарашығындай қорғап, жас ұрпаққа экологиялық жауапкершілік дарыту жолындағы маңызды қадам. Бұл — еліміздің болашағы үшін ортақ мүддеге айналуы тиіс әрекет. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай отаншыл рухтағы экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Похожие материалы

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында өткен «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты · Todayinfo