Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

«Театр бітті»: Алматыда қызметкерлер өртке сусыз техникамен келіп, күлкіге қалды (ВИДЕО)

Алматы қаласында жолаушылардың көз алдында «Газель» көлігі өртеніп, арты жарылысқа ұласты. Оқиға қаланың ең жүктемесі жоғары жолайрықтарының бірінде орын алды. Көлік алдымен отқа оранған, артынан жарылыс дыбысы естілгенін куәгерлер растады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат портал

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
«Театр бітті»: Алматыда қызметкерлер өртке сусыз техникамен келіп, күлкіге қалды (ВИДЕО)
Алматы қаласында жолаушылардың көз алдында «Газель» көлігі өртеніп, арты жарылысқа ұласты. Оқиға қаланың ең жүктемесі жоғары жолайрықтарының бірінде орын алды. Көлік алдымен отқа оранған, артынан жарылыс дыбысы естілгенін куәгерлер растады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып, қоғамдық резонанс тудырды. Кадрларда өрт сөндірушілердің қызметтік көліктен шұғыл түсе сала жанып жатқан көлікке қарай жүгіргені, бірақ арнайы көбікті өрт сөндіру құралы істемей қалғаны байқалады. Бірнеше минут бойы олар не істерін білмей жүргені көрініп, ақыры қарапайым су арқылы отты сөндіруге көшкен. Алайда бұл сәтте көлік толықтай жанып кеткен болатын. Желі қолданушылары оқиғаға қатысты өз наразылықтарын білдіріп, «техника бар, экипаж келді, ал сөндіруге құрал жоқ» деп ашуын білдірді. Көпшілік бұл жағдайды қызметтік салғырттық деп бағалады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) оқиғаға ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде көлік толықтай отқа оранған.
«Өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде 2021 жылы шыққан ‘Газель’ маркалы көлік ашық түрде жанып жатқан. Өрт сөндіруге қажетті құрал – арнайы арқаға тағылатын өрт сөндіру құрылғысы болған. Бейнежазбадағы жағдай өрттің нәтижесіне әсер еткен жоқ», – делінген ТЖД мәлімдемесінде.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Похожие материалы

«Театр бітті»: Алматыда қызметкерлер өртке сусыз техникамен келіп, күлкіге қалды (ВИДЕО) · Todayinfo