Оның айтуынша, театрда тәртіп пен заң талаптары сақталмаған, тіпті, салаға қатысы жоқ адамдар жұмыс істеген. Бұл жағдайды өзгерту үшін түбегейлі кадрлық өзгерістер қажет болған:«Театрға кірсем, 40 жігіт алдымнан шықты. “Бізден соққы жемей, қысым көрмей тұрып, кете беріңіз. Жаңа адамды қаламаймыз” деді. Мен: “Аналайындар, мен қорықпаймын. Бұл өмірде көп нәрсе көрдім. Мен сіздердің жағдайларыңызды жақсартуға келдім” дедім. Қазір солар – менің әріптестерім, театрдың жанашырлары», – дейді әнші.
«4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым. Кадр бөлімінің маманы: “Майра ханым, жарты Шымкентті жұмыстан шығардыңыз ғой” деді. Басында маман табылмай қала ма деп қорықтым. Бірақ аз жалақыға қарамастан, менімен бірге жұмыс істеуге, әлемдік тәжірибені көруге келіскен кәсіби мамандар келді», – деді ол.
Майра Мұхамедқызы қазіргі таңда театрдың тынысы кеңейіп, кәсіби деңгейі жоғары мамандармен толығып жатқанын атап өтті.




