Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды

Алматыда ТЭЦ-2-де апаттық ажырату салдарынан бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Todayinfo . 2025 жылғы 13 қарашада ТЭЦ-2-де 110 кВ кернеуіндегі №124А және №101А электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы тіркелді. Оқиға салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұл

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды
Алматыда ТЭЦ-2-де апаттық ажырату салдарынан бірқатар шағынаудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Todayinfo. 2025 жылғы 13 қарашада ТЭЦ-2-де 110 кВ кернеуіндегі №124А және №101А электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы тіркелді. Оқиға салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұлак» және ПС-123А «АТЭЦ-2» қосалқы станциялары уақытша электр қуатынан ажыратылған. Нәтижесінде Алматы қаласының Алатау ауданындағы бірқатар тұрғын аймақтар жарықсыз қалды. Атап айтқанда, «Ақбұлақ», «Алғабас», «Ақкент», «Саялы», «Теректі», «Ғажайып», «Көксай», «Нұркент», «Дарабоз», «Зерделі» шағынаудандары мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Монке би көшелерінің арасындағы аумақ электрмен жабдықтаусыз қалған. Қазір оқиға орнына апаттық-қалпына келтіру бригадалары жіберіліп, ақаудың себебі анықталуда. Электрмен жабдықтауды кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Похожие материалы

ТЭЦ-2-де апат болды: жарты Алматы жарықсыз, сусыз қалды · Todayinfo