Иран бір жарым айға созылған шектеуден кейін халықаралық рейстер үшін әуе кеңістігінің бір бөлігін қайта ашты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
18 сәуірден бастап елдің шығыс бөлігіндегі әуе жолдары жұмысын жандандырды, ал батыс аймақ әзірге жабық күйінде қалып отыр.
Авиациялық қызметтердің мәліметінше, Тегерандағы әуежайлар 25 сәуірге дейін шектеулі режимде, яғни тәулігіне 11 сағат қана жұмыс істейді. Ұшып өтетін ұшақтарға да қатаң талап енгізілді: әрбір әуе кемесі Иран аумағына кірерден және шығардан 5 минут бұрын диспетчерлермен міндетті түрде байланысқа шығуы тиіс.
Осы оқиғалар аясында ресми Тегеран АҚШ-пен арадағы келіссөздерді тоқтатқанын мәлімдеді. Иран билігі Вашингтоннан порттардағы әскери блокаданы алып тастауды және «шектен тыс талаптардан» бас тартуды талап етіп отыр.
Фото: Әлеуметтік желіден




