Фото: Коллаж: sn.kz Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев пен оның екінші әйелі Альмира Тұрсын қызды болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы өнер иелері желідегі парақшасында жазды. "Алла Тағаланың қалауымен, қызым дүниеге келді. Айя-Сафия
Фото: Коллаж: sn.kz
Белгілі қазақстандық режиссер Ақан Сатаев пен оның екінші әйелі Альмира Тұрсын қызды болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иелері желідегі парақшасында жазды.
"Алла Тағаланың қалауымен, қызым дүниеге келді. Айя-Сафия қош келдің, бақытты бол!", - деп жазды ол.
Сатаевтың екінші әйелі де сүйінші хабарын жариялап, перзентханадан суреттерін жүктеді.
"Менің арманым, менің дұғам, Жаратқанның сыйы. Аллаға сансыз шүкір", - деді Альмира Тұрсын.
Көпшілік өнерлі отбасыны құттықтап, тілектерін жаудыруда.
Айта кетейік, режиссер 5 баланың әкесі. Бүгінде ол алтыншы рет әке атанды.