Смайыловтың айтуынша, “Самұрық-Қазына”, KEGOC және “Қазатомпром” компанияларының жоғары басшылық құрамының сыйақы беру жүйесі аудит аясында тексерілмек.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовқа компаниядағы топ-менеджерлердің сыйақысы мен бензин бағасына қатысты сауал қойылған болатын. Мағауов компания басшылығына берілген сыйақылар туралы нақты жауап бере алмады. Журналистердің айтуынша, «ҚазМұнайГаздың» 17 топ-менеджеріне жалпы көлемі 705 миллион теңге сыйақы төленген. Бұған дейін Todayinfo агенттігі "Самқрық-Қазына" төрағасының атына топ-менеджерлерге берілген сыйақының заңдылығы мен мөлшері туралы ресми сауал жолдаған еді. Алайда басшылық сан сауалға нақты жауап беруден бас тартып, сыйақы мөлшерін жасырып қалған еді. Коллажы: Ulysmedia.kz– Бұл мәселелер де мемлекеттік аудит шеңберінде қамтылады. Нәтижелері бойынша ақпарат береміз. Айтпақшы, аудиттің негізгі қорытындыларын жедел түрде жариялап отырамыз. Егер қандай да бір заңбұзушылықтар анықталса, біз бұл компаниялардың басшылығына тиісті нұсқамалар береміз, – деді ол.




