Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді
📷 Ақорда

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер туралы баяндалды.

Президентке облыстағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берілді.

Кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды оңалту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Мемлекет басшысы Атырау өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Похожие материалы

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді · Todayinfo