Тоқаев еліміз Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайтынын мәлімдеді
Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық қатынас орнаған сәттен

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді.
Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Таяу Шығыстағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеу, БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайтынын мәлімдеді.
Махмұд әл-Хаббаш Мемлекет басшысына Палестина Президенті Махмұд Аббас жолдаған хатты табыстады. Сондай-ақ еліміздің Палестина халқына және оның бейбіт әрі жарқын келешекке ұмтылысына ұдайы қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.
Оның пікірінше, Қазақстан Палестина үшін бауырлас мемлекет саналады. Бұл екіжақты байланыстардан, көпжақты форматтағы, ең алдымен, БҰҰ мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы қатынастардан көрінеді.
Похожие материалы

АКОРДА
Қ. Тоқаев пен Н. Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда өтті
Айдар Керім·

АКОРДА
Ержан Жиенбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айдар Керім·

АКОРДА
Қ. Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Айдар Керім·

АКОРДА
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэні қабылдады
Айғаным Нариманова·