Todayinfo.kz
ГлавноеСмотреть все материалы

Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістан облысының өндіріс ошақтарын аралады

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы SPK Turkistan индустриалды паркіне барды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңбырлатып және тамшыл

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістан облысының өндіріс ошақтарын аралады
Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы SPK Turkistan индустриалды паркіне барды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерінің, ауыл шаруашылығы тракторлары, білім мен медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер және өндірістік тоңазытқыштар өндірісі жолға қойылған. Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу, сондай-ақ жалпы сомасы 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде қызмет ететін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты. Фото: Ақорда

Похожие материалы

Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістан облысының өндіріс ошақтарын аралады · Todayinfo