Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көші-қон саясатына ерекше назар аударды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті,деп хабарлайды Todayinfo. Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер талқыланып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев , сондай-ақ Іш

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көші-қон саясатына ерекше назар аударды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті,деп хабарлайды Todayinfo.

Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер талқыланып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары есеп берді.

Президент геосаяси факторлар мен демографиялық болжамдарды, сондай-ақ халықтың көшу себептерін ескере отырып, көші-қон саясатын тиімді жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

«Заңсыз көші-қонға жол бермеу үшін бақылауды күшейтіп, елдің адами капиталын арттыруға жағдай жасау қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Үкіметке нақты тапсырмалар берілді

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар тапсырма жүктелді. Атап айтқанда:

  • мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттерін қайта қарау,

  • көші-қон саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауды күшейту.

Бұл тапсырмалар елдегі көші-қон үдерістерін тиімді басқаруға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Похожие материалы

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көші-қон саясатына ерекше назар аударды · Todayinfo