Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тоқаев Қорғаныс министрлігінде маңызды шешім қабылдады: Жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Тоқаев Қорғаныс министрлігінде маңызды шешім қабылдады: Жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қаныш Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Осылайша ол бұған дейін аталған лауазымды атқарған Сұлтан Қамалетдиновті алмастырды. Ақорданың хабарлауынша, Сұлтан Қамалетдинов басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

48 жастағы Қаныш Әбубәкіров – ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясының және Ұлттық қорғаныс университетінің түлегі. Ол қызмет жолын десанттық-шабуылдау батальонындағы барлау тобының командирінен бастап, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығына дейінгі сатыдан өткен.

Әр жылдары Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, Десанттық-шабуылдау әскерлері штабының бастығы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының және Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметтерін атқарған.

Қаныш Әбубәкіров 2024 жылдың қаңтарында ғана Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Фото: gov.kz

Похожие материалы

Тоқаев Қорғаныс министрлігінде маңызды шешім қабылдады: Жаңа басшы тағайындалды · Todayinfo