Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоға

Автор Жаннұр Еділбаева··1 мин чтения
Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Todayinfo Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

Похожие материалы

Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады · Todayinfo