Тоқаев «Яндекс Global» басшысымен кездесті: жасанды интеллект пен цифрлық даму басты назарда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады. Кездесуде Yandex Qazaqstan компаниясының негізгі қызмет бағыттары, сондай-ақ интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту, жасанды интеллект технологияларын дамыту сек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады. Кездесуде Yandex Qazaqstan компаниясының негізгі қызмет бағыттары, сондай-ақ интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту, жасанды интеллект технологияларын дамыту секілді басым жобалар қарастырылды,деп хабарлайды Todayinfo.
Қасым-Жомарт Тоқаев Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға қосқан үлесін, шағын және орта бизнесті қолдаудағы рөлін және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудағы қызметін жоғары бағалады.
Сондай-ақ кездесу барысында мәдени мұраны заманауи технологиялармен үйлестіру жайы көтерілді. Президент жасанды интеллект кең таралып жатқан уақытта ұлттық бірегейлікті сақтау және қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілету мәселесінің өзектілігін атап өтті.
Даниил Шулейконың айтуынша, Yandex платформасы арқылы 65 мыңнан астам көлік жүргізушісі «Яндекс.Такси» серіктесі ретінде ресми жұмыспен қамтылып, әлеуметтік қорғауға ие болған. Сонымен қатар, компания 2024 жылы Қазақстан бюджетіне 29,5 миллиард теңге көлемінде салық төлеген.
Шулейконың мәліметінше, 2016 жылдан бері Yandex Qazaqstan еліміз экономикасына 225 миллиард теңгеден астам инвестиция салған. Алдағы уақытта Астана қаласында инновациялық жобаларды іске асыру және AI-Sana бағдарламасына қатысу жоспары бар екенін жеткізді.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·