«Трамп барда дүние соғыстан көз ашпайды»: Гага соты Израиль басшысы Нетаняхуды қолға түсірмек
Өткен жексенбі күні өнеркәсібі дамыған жеті елдің басшылары мен Еуроодақтың лауазым иелері Канадада бас қосты. Ақ үй басшысы Трамптың келгенінен кеткені тез болды, деп хабарлайды Todayinfo Abai.kz -ке сілтеме жасап. Биылғы Үлкен жетілік басшыларының кездесуі аласапыран жағдайда ө

Өткен жексенбі күні өнеркәсібі дамыған жеті елдің басшылары мен Еуроодақтың лауазым иелері Канадада бас қосты. Ақ үй басшысы Трамптың келгенінен кеткені тез болды, деп хабарлайды Todayinfo Abai.kz-ке сілтеме жасап.
Биылғы Үлкен жетілік басшыларының кездесуі аласапыран жағдайда өтіп жатыр. Трамп Ақ үйге келгелі оның берген бірде-бір уәдесі орындалмады. Газадағы қырғын әлі жалғасып жатыр, Израиль ХАМАС ты қойып Иранға жалпы беттік шабуылға көшті. Украина мен Ресей соғысы тоқтау былай тұрсын, созбалаңға салынып, өршіп барады. Трамп геосаяси ахуалды ушықтырудан бөлек сауда әріптестеріне, әсіресе еуропалық одақтастарына тариф соғысын ашты.
Әдеттегідей Үлкен жетілік басшылары бұл жолы да Еуропаның қауыпсіздігіне саятын Украина мәселесін, Үнді-Тынық мұхит аймағының қауіпсіздігіне саятын Қытайдың бейтарап теңіз аймақтарын жаппай иелене бастауын, Орта шығыстағы жаңа қақтығысыты ортаға салып, талқылап, әлем жұртына тиянақты жауап ұсынбақ екен. Трекең әдеттегідей қыңырлығына басып, бас десе құлақ деген.
Украина мәселесіне байланысты Зеленскийді шақырған өзге әріптестеріне ашық қарсы шығып Путинді Үлкен жетілікке қайта кіргізуміз керек, Кремль басшысы ғана Иран мен Израильдың қатынасын реттей алады деп көсемсіген. Франция басшысы Макрон оған қарсылық білдірген. Қытайды сауда әріптесі санайтынын, ешқандай қауіп көріп тұрмағанын айтып, Жапония басшысының алаңын елеусіз қалдырған.
Трамп Ақ үйге кірудің алдында Канаданы АҚШ-тың 51-штаты етіп қосып аламын деп лепіргені бар. Канаданың жаңа басшысы оның аптығын басу үшін мемлекетінің саудаға салатын тауар емес екенін қатаң ескертті.
Бұл жолғы басқосудан Трамптың жыл басынан бергі тариф соғысымен, бірбеткей геосаяси ұстанымымен Үлкен жетіліктің арасына жік салғаны, ши жүгірткені анық көрінді.
Қазір Трамптың басты одақтасы Израль басшысы Гага соты "соғыс қылмыскері" деп іздеу жариялаған Нетаняху болып тұр. Екеуі ымыраласып Иранның атом өндірісі ғана емес, билігін аударуға шындап кіріскені белгілі болды.
Трамптың президенттік мерзімі біткенше жаһан жұртының дүрбелеңнен көз ашпайтын түрі бар. Оның одақтастарына қолын бір сілтеп кетіп қалғаны соны айғақтайды.
Фото: Leah Millis / Reuters
Похожие материалы

Новости
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Правительство приступило к комплексной реализации плана по развитию культуры чтения и формированию читающей нации
Жаннұр Еділбаева·

Новости
В Арыси пьяная водительница насмерть сбила трех человек и скрылась
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Наемные работники в системе ОСМС: ответы на часто задаваемые вопросы
Жаннұр Еділбаева·