«Сейсенбі күні Иранда бір уақытта электр станциялары және көпірлер күні болады. Бұрын-соңды мұндай болмаған. Ормуз бұғазын ашыңдар немесе тозақта өмір сүруге мәжбүр боласыңдар», – деп жазды Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.Бұл – Трамптың Тегеранға қойып отырған алғашқы талабы емес. Бұған дейін Ақ үй басшысы 4 сәуірдегі жазбасында Тегеранның алдағы 48 сағат ішінде Вашингтонмен бір бітімге келіп, Ормуз бұғазын бұғаттауын тоқтатуы тиіс делінген. Онда да Трамп қаһарына мінген болатын. 22 наурызға қараған түні де АҚШ президенті Иранға 48 сағаттық ультиматум қойған. Ол кезде америкалық әскерилердің Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасайтыны айтылған. Кейін Дональд Трамп Иранмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеп, талап қою мерзімін бірнеше рет шегерген болатын. Бұл ретте Иран билігі 4 сәуір күні кешке Трамптың мәлімдемесін қатаң сынға алып, оны қабылдамайтынын білдірді. Олар қарымта жауап беруге дайын екендерін ескертті.
Трамп Ирандағы электр станциялары мен көпірлерге қайтадан соққы жасалатынын айтты
Егер Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін жолды ашпаса, онда АҚШ елдің көпірлері мен электр станцияларын атқылауы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуылдар 7 сәуірге жоспарланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Сейсенбі күн
Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения

Егер Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін жолды ашпаса, онда АҚШ елдің көпірлері мен электр станцияларын атқылауы мүмкін. Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуылдар 7 сәуірге жоспарланып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Похожие материалы

Мир
Как нацеливание на водоснабжение во время войны усугубляет кризис нехватки воды?
Мұхтар Жексенбай·

Мир
В Румынии ужесточено наказание за убийство женщин: фемицид выделен в отдельную категорию
Мұхтар Жексенбай·

Мир
Варуфакис о Palantir, войне искусственного интеллекта и восстании технолордов
Мұхтар Жексенбай·

Мир
Министр иностранных дел Ирана прибыл в Россию и встретится с Путиным
Мұхтар Жексенбай·