Трамп пен Путин тағы да телефон арқылы тілдесті: Не шешілді?
Фото: РИА Новости АҚШ президенті Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесуі өте нәтижелі болғанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Трамп әңгіменің АҚШ уақыты бойынша таңертең өткенін және ұзаққа созылғанын атап өткен. Ол Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік

Фото: РИА Новости
АҚШ президенті Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесуі өте нәтижелі болғанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Трамп әңгіменің АҚШ уақыты бойынша таңертең өткенін және ұзаққа созылғанын атап өткен. Ол Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу үшін әлі де шешілуі керек бірнеше күрделі мәселе бар екенін жасырмады.
Ал Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ тарапы Владимир Путинге Дональд Трамптың Мар-а-Лагода өткен украин делегациясымен келіссөздерінің нәтижелері туралы баяндағанын сөз етті.
Ушаков Владимир Путиннің америкалық көшбасшыны Украина Қарулы Күштерінің Новгород облысындағы мемлекеттік резиденциясына жасаған дрон шабуылы туралы хабардар еткенін мәлім етті.
Трамп АҚШ Украинаға мұндай шабуылдар үшін қару бермегенін жеткізген. Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский шабуылға қатысы жоқ екенін айтты.
Похожие материалы

Мир
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

Мир
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

Мир
США и Иран достигли принципиального соглашения по Ормузскому проливу: NYT
Todayinfo редакциясы·

Мир
Решение по Ирану: Трамп назвал срок возобновления военных действий
Todayinfo редакциясы·