Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Трамп Сауд ханзадасын былапыт сөзбен қорлады: "Ол менің кө*іме кіруі керек"

АҚШ президенті Дональд Трамп Майамидегі форумда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманды көпшілік алдында былапыт сөзбен қорлады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Трамп Сауд ханзадасын былапыт сөзбен қорлады: "Ол менің кө*іме кіруі керек"

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның атына ауыр сөз айтып, оны көпшілік алдында масқаралады. Бұл мәлімдеме Майамиде өткен Future Investment Initiative форумында жасалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Трамптың сөзінше, бұрын Мұхаммед бен Салман оны "сәтсіз президент" санап, менсінбеген. Алайда қазір жағдайдың түбегейлі өзгергенін меңзеген ол, ханзаданың көзқарасы басқаша екенін айтты.

"Ол мені бағалаған жоқ. Енді маған жағынуға мәжбүр... Оның маған деген көзқарасы оң болуы тиіс", - деді Трамп.

Осыдан кейін АҚШ-тың бұрынғы басшысы одан да дөрекі сөзге көшіп, ханзадаға қатысты былапыт сөз қолданды.

"Ол менің кө*іме кіруі керек", - деп мәлімдеді ол.

Трамптың пікірінше, Сауд ханзадасы АҚШ-ты "әлсіреп бара жатқан ел" деп есептеген, бірақ қазір Вашингтонмен қарым-қатынасқа басқаша қарауға мәжбүр болып отыр. Бұл мәлімдеме екі ел арасындағы қарым-қатынас риторикасының қаншалықты өзгергенін көрсетеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Трамп Сауд ханзадасын былапыт сөзбен қорлады: "Ол менің кө*іме кіруі керек" · Todayinfo