Түріктер қазақы тұқымды өлтіріп тастады: Стамбул әуежайын әуреге салған алабайдың кесірінен ұшақ кешікті (видео)
Коллаж: Todayinfo Стамбулда қазақы тұқымды алабай иті өлтірілді, деп хабарлайды Todayinfo. Шымкент – Стамбул бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсі күтпеген оқиғаға байланысты кешігіп қалды. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ шамамен бір сағатқа кешіккен. Бұған себеп – алабай тұқымды

Коллаж: Todayinfo
Стамбулда қазақы тұқымды алабай иті өлтірілді, деп хабарлайды Todayinfo.
Шымкент – Стамбул бағытындағы SCAT әуе компаниясының рейсі күтпеген оқиғаға байланысты кешігіп қалды. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ шамамен бір сағатқа кешіккен. Бұған себеп – алабай тұқымды ит Cтамбул әуежайында қызметкерлерді ұшаққа тиелген багаждағы чемондандарды алуға жолатпай қойған.
Алабайды Шымкенттен Түркияға жжолаушы багаж арқылы алып ұшқан. Алайда нағыз шу ұшақ Түркияға жеткен соң басталған. Алабай жолаушылардың чемодандарын қорғап, бірнеше сағат бойы адамдарды жолатпай қойған. Ұшаққа дипломатиялық қызмет пен полицияны шақыруға тура келген. Себебі, алабай қорабын жыртып шығып, әуежай қызметкерлерін ұшақтың жүк салғыш бөліміне кіргізбеген.
Оқиғаға қатысты әуе компаниясы әзірге түсініктеме берген жоқ. Ал әлеуметтік желі қолданушылары «бұл рейстің басты жолаушысы – сол алабай болды» деп қалжыңдауда.
Ұшақтан жолаушылардың заттарын алу үшін итке дәрі себіліп, алабай өлтірілді. Қазақы тұқым қорғалмағандықтан шетел асырып, алып кетуге де тыйым салынбаған.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·