Түркістан облысында биыл заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді
Мемлекет басшысының электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2024 жылғы 1 мамырдан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу ко

Мемлекет басшысының электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2024 жылғы 1 мамырдан бастап заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Думан Қалибеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
- Департамент биыл 1 сәуірден бастап реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін лицензиялардың қолданылуын тоқтатты. Тарифті төмендетудің алғышарты - тұтынушылардың электр энергиясын кепілді жеткізушіге ауысуы болды. Бұл тиісінше тарифтің өзін төмендетуге әсер етті. Электрмен жабдықтау қызметтерін үздіксіз алу үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғаларына «Энергопоток» ЖШС-мен тиісті шарт жасасу ұсынылады-, деді спикер.
Сонымен қатар, департамент басшысы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Департамент 2 табиғи монополия субъектісімен бірқатар келісімге келген. Оның бірі - «Кентау Сервис» МКК-мен жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметі бойынша 5 жылдық шекті тарифтер бекітілген. Ал, екінші нысан - «Түркістан су» МКК үшін су құбыры желілері мен өрт сөндіру гидранттарын жөндеуге 161 млн 637,23 мың. теңге бекітілген.
Похожие материалы

Туркестанская область
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Жаннұр Еділбаева·

Туркестанская область
Түркістанда аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған каскадтық оқу-семинары өткізілуде
Жаннұр Еділбаева·

Туркестанская область
Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа өнер мектебі ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Туркестанская область
На возвращенные активы в Туркестанской области построили музыкальную школу и еще 26 объектов
Жаннұр Еділбаева·