Түркістан қаласында «Гүлдер патшайымы» референдумға қатысты
Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаск

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Түркістан қаласы – тығыз қоныстанған және сайлаушылар саны көп өңірлердің бірі, сондықтан таңғы сағат 07:00-ден бастап халықтың қарасы қалың. Тұрғындар отбасымен, қариялар мен жастар бірге келіп, өздерінің азаматтық таңдауын жасауға асығуда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Похожие материалы

г. Туркестан
В Туркестане стартовал фестиваль искусств «Шәмші әндері»
Жаннұр Еділбаева·

г. Туркестан
Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
Жаннұр Еділбаева·

г. Туркестан
Түркістандағы Woosong University университетіне құжат қабылдау басталды
Жаннұр Еділбаева·

г. Туркестан
Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтеді
Жаннұр Еділбаева·