Түркістанда аялдамалар тазаланды
Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамалары мен олардың айналасындағы аумақтарға тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала аумағындағы барлық аялдамалардың павильондары мен орындықтарын жуу, айналар мен басқа да элементтерді тазалау, сондай-ақ бұзылған немесе тоз

Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамалары мен олардың айналасындағы аумақтарға тұрақты түрде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қала аумағындағы барлық аялдамалардың павильондары мен орындықтарын жуу, айналар мен басқа да элементтерді тазалау, сондай-ақ бұзылған немесе тозған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Қазіргі таңда қала бойынша жалпы 683 аялдама нысаны қызмет көрсетуде. Қосымша 100 аялдама орнату жоспарланған, қазіргі таңда 78 аялдама пайдалануға берілді.
Қоғамдық көлік аялдамаларының тазалығын қамтамасыз ету, қала инфрақұрылымын жақсарту, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау күнделікті әкімдік тарапынан қатаң бақылауда.
Похожие материалы

г. Туркестан
В Туркестане стартовал фестиваль искусств «Шәмші әндері»
Жаннұр Еділбаева·

г. Туркестан
Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
Жаннұр Еділбаева·

г. Туркестан
Түркістандағы Woosong University университетіне құжат қабылдау басталды
Жаннұр Еділбаева·

г. Туркестан
Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтеді
Жаннұр Еділбаева·